Алматылық «Қайрат» футзал клубы 18 қараша мен 1 желтоқсан аралығында Рудный қаласында өтетін Қазақстан чемпионатының 2-айналымына дайындалып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қайрат» АФК баспасөз қызметі команданың кезекті бір жаттығуынан фоторепортаж дайындады.

Алматылықтар ел чемпионатының екінші айналымында көкшетаулық «Оқжетпеспен» кездеседі. Матч 18 қарашаға жоспарланған.