ПСЖ командасының шабуылшысы Неймар қазіргі келісімшартының мерзімін ұзартпайды. Бұл туралы Diario Sport хабарлады.

28 жастағы футболшы маусым аяқталған соң «Барселонаға» оралуды көздеп отыр. Дегенмен оның келісімшарты 2022 жылға дейін жасалған.

Ал ESPN таратқан ақпаратқа сенсек, Неймар ПСЖ-мен келісімшартының мерзімін жылына 32 миллион еуро болатын жалақы мөлшерін сақтап қалған жағдайда ғана ұзартуы мүмкін.

Неймар ПСЖ сапында 2017 жылдың жазынан бері өнер көрсетіп, 91 кездесу өткізіп, 72 гол соқты және 45 нәтижелі пас берген.