Қазақстандық файтер Арман «Сұңқар» Оспанов (11-3) UFC-дегі дебюті туралы ақпаратты растауды жалғастырып отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол Instagram желісіндегі парақшасына ММА спортшыларының жарнамасымен айналысатын Dominance компаниясының президенті Алиаб Дельазизбен түскен суретті жариялады.

«Болуға тиіс дүние міндетті түрде болады. Керек кезде. Керек жерде. Керек адамдармен», - деп жазды файтер.

Айта кетелік, Оспанов UFC өкілдерімен келіссөз жүргізу кезеңінде жүр. Оның промоушндағы дебюті жыл соңында болуы мүмкін.