АҚШ-тың Кэри қаласында теннистен "Cary Challenger" турнирі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық Александр Недовесов пен Андрей Голубев жұбы ширек финалда америкалық Денис Новиков пен ресейлік Теймураз Габашвилиге есе жіберді. Кездесу 4: 6, 6: 4, 3:10 есебімен аяқталған. Польшалық Питер Поланскимен жұптасын сынға түскен Дмитрий Попко да ширек финалда сүрінді. Олар АҚШ және Нидерланд теннисшілеріне екі сет қорытындысы бойынша жол берген.