Бразилиялық шабуылшы Вагнер Лав «Қайратпен» келісімшартының мерзімін не үшін ұзартуға келіскенін айтты.

«Келісімшарт мерзімін ұзартқаныма қуаныштымын. Титулды жеңіп алғаным қуанышымды еселей түсті. Келер маусымға дайындықты көп өткізіп, «Қайратпен» бірге жаңа белесті бағындырғым келеді», – деді футболшы.

36 жастағы ойыншымен бір жылға жарамды келісімшарт жасалды.

Айта кетейік, «Қайрат» қарашаның басында Қазақстан чемпионы атанды. Алматылық 16 жыл күткен чемпиондық атағына чемпионаттың аяқталуына үш тур қалғанда мерзімінен бұрын қол жеткізді.

Ал Вагнер алматылық клубқа 8 шілдеде ауысып келген болатын. Содан бері ол Премьер-лигада 13 матчқа қатсып, 7 гол соқты және 3 нәтижелі пас берді.