Бүгін Қазақстан құрамасы Подгорицада Черногория құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Командалар Ұлттар лигасындағы соңғы матчтарын қазан айының ортасында өткізді: Қазақстан құрамасы Беларусь құрамасынан 0:2 есебімен жеңіліп қалды, ал Черногория күтпеген жерден өз алаңында Люксембургқа есе жіберді.

Қазақстан мен Черногория құрамалары бүгінге дейін үш мәрте кездесті. Біздің құрама тең ойнамақ түгілі, үш ойында қарсылас қақпасына бір гол да соға алмаған - 0:3, 0:3 және 0:5.

Матч Нұр-Сұлтан уақытымен 22: 50-де басталады. Ойынды Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Бауыржан Исламхан допингпен ұсталды

Зайнутдинов Ұлттық құраманың алдағы матчтарына қатыспайды