Қостанайлық «Тобылдың» қорғаушысы Арман Оганесян Армения құрамасына шақырту алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Осы халықаралық үзіліс кезінде Армения Ұлттар лигасында екі матч өткізеді. Грузиямен сырттағы ойын 15 қарашада өтеді, ал үш күннен кейін Солтүстік Македониямен кездеседі.