Батутты гимнастикадан Қазақстан құрамасының спортшылары оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр.

Алматы облысында орналасқан "Ақбұлақ" олимпиадалық орталығында құрама мүшелері 9 қараша күні дайындықтарын пысықтауға кірісті.

Атап айтқанда, Данил Мұсабаев, Пирмаммад Алиев, Игорь Грачев және Роман Барков шеберліктерін шыңдауда. Аталған жаттығу жиыны 20 қарашаға дейін созылады.