Азия футбол конфедерациясы (AFC) «Әл-Айн» командасының ойыншысы Бауыржан Исламханды ресми ойындардан уақытша шеттетті.

Қазақстандық футболшының қыркүйекте Азия чемпиондар лигасы аясында өткен «Әл-Садд» — «Әл-Айн» матчынан кейін тапсырған сынамасынан допинг табылған. AFC Бауыржан Исламханды ресми ойындардан шеттетті. Екінші сынаманың нәтижесі шыққан соң футболшының тағдыры шешіледі.

Айта кетейік, биылғы маусымда Бауыржан Исламхан «Әл-Айн» командасының сапында 4 матчта алаңға шықты.