Қазақстан құрамасы мен «Аль-Айн» командасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан допингке қарсы ережені бұзғаны үшін дисквалификацияланды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы ҚФФ баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан да көмекке келе алмайды. Азия Чемпиондар Лигасының ойынынан кейін футболшының тапсырған допинг-сынағында тыйым салынған препарат табылған. Ол уақытша ресми ойындарға қатыспайды», - делінген ҚФФ ресми сайтында.

Естеріңізге сала кетейік, осы маусымда Бауыржан Исламхан «Аль-Айн» сапында төрт матч өткізіп, бір нәтижелі паспен көзге түсті.