Ұлттық құраманың көшбасшысы және Мәскеудің ЦСКА ойыншысы Бактиер Зайнутдинов алдағы матчтарда Қазақстан құрамасына көмектесе алмайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бактиер Черногорияға кеткен футболшылар тізімінде жоқ. Футболшы Ұлттар лигасының Албания мен Литваға қарсы матчтарында көмектеспеуі әбден мүмкін.

Prosports.kz сайтына белгілі болғандай, ЦСКА Зайнутдиновке демалыс беруді сұраған. Мәскеуліктердің бапкерлік құрамы ойыншыны ұлттық құрамаға шақырмауын өтінді.

Еске салайық, қазақстандық футболшы «Ростовпен» кездесуде басынан қатты соққы алған еді.

Черногориямен болатын жолдастық кездесуге екі-ақ күн қалды. Бұл матч Ұлттар лигасының алдындағы сынақ матчы болады. 15 қарашада Қазақстан албандармен, ал 18-інде литвалықтармен ойнайды.