Қазақстандық теннисші Александр Недовесов Кэриде (АҚШ) Challenger сериясындағы турнирдің негізгі кезеңіне шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Іріктеу кезеңінің финалында қазақстандық теннисші америкалық Патрик Кипсонды екі сетте жеңді - 6:4, 6:3.

Еске салайық, бұл турнирдің жұптық сынында Недовесов Андрей Голубевпен бірге өнер көрсетеді.