Қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахмет (1-0, 1 КО) англиялық Оңтүстік Киркбиде өтетін шоудың хедлайнері атанды.

MTK Global промоутерлік компаниясы оның қарсыласы ретінде ұлыбританиялық Маколей Макгоуэнді (14-0-1, 3 КО) бекітті. Құлахмет пен Макгоуэн он раундтық жекпе-жекке шығады, боксшылар бірінші орта салмақта WBC International титулын сарапқа салады.

Еске салайық, Тұрсынбай Құлахмет 23 тамызда кәсіпқой бокстағы дебютін өткізген болатын. Ол қазақстандық Сағадат Рахманқұловты (6-2, 4 КО) нокаутқа түсірген еді.

Осылайша, 26 жастағы қазақстандық екінші жекпе-жегінде чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасады.