Мәскеулік ЦСКА-ның бас бапкері Виктор Гончаренко қазақстандық футболшы Бактиер Зайнутдиновтің жағдайын айтты.

- Зайнутдиновтің жағдайы қалай?

- Қалыпты. Киім ауыстыратын бөлмеде, күліп отыр. Ертең жағдайын тағы бір бағалаймыз.

Еске салайық, Зайнутдинов «Ростовқа» қарсы матчтың 9-минутында жарақат алып, алаңнан кеткен болатын. Бұл ойында мәскеулік клуб 2:0 есебімен жеңген еді.

ЦСКА «Ростовты» жеңді, Зайнутдинов жарақат алып қалды