Алматыда спорттық құзға өрмелеуден Қазақстан чемпионаты мәресіне жетіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап

Соңғы жарыс күнінде олимпиада бағдарламасына енген көпсайыстан ел мықтыларының есімі белгілі болды.

Көпсайыс, ерлер:

1. Артем Девятериков (Алматы)

2. Алексей Панфилов (Шымкент)

3. Алексей Молчанов (Қарағанды облысы).

Көпсайыс, әйелдер:

1. Тамара Олжабаева (Шымкент)

2. Әсел Мәрленова (Нұр-Сұлтан)

3. Маргарита Агамбаева (Алматы облысы).

Жалпыкомандалық есепте Шымкент қаласы бірінші, Алматы қаласы екінші орын иеленсе, Қарағанды облысы жеңімпаздар үштігін түйіндеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін жылдамдыққа жарысудан және боулдерингтен жеңімпаздар анықталған болатын.