«Барселонаның» қорғаушысы Жерар Пике «Камп Ноу» стадионының жөндеу жұмысын қаржыландыруы мүмкін.

Футболшы стадионның жөндеу жұмыстарына үлесін қосып, қаржылай көмек көрсетуге ниет білдірген. Оған қоса инвесторлар іздеп, клуб пен компаниялар арасында байланыс орнатуды көздеп отыр.

Айта кетейік, «Барселона» пандемияның салдарынан қаржылай қиындыққа ұшырап, ойыншыларының жалақысын қысқартуға мәжбүр болған.