«Барселоны» президенттігіне үміткер Тони Фрейша Лионель Месси мен клубтың басқа ойыншылары келісімшартты ұзарту үшін жалақыларын қысқартуға мәжбүр болатынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz Чемпионатқа сілтеме жасап.

«Мессимен біз байыппен, бетпе-бет сөйлесетін боламыз. Ол және келісімшартты ұзартуға немесе қол қоюға келісетін барлық ойыншыларға келетін болсақ, жалақы бұрынғымен салыстырғанда, айтарлықтай төмендейтінін ескеруге тиіс. Себебі кіріс азайды, басқа формула табу керек», - деді Фрейши

Естеріңізге сала кетейік, Месси «Барселона» намысын 2003 жылдан бері қорғап келеді. Католондықтармен шабуылшы 34 кубокты жеңіп алды. Шабуылшының клубпен келісімшарт келісімі 2021 жылға дейін есептелген.