Ержан Қосмамбетов Алматы бокс федерациясының президенті болып сайланды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы бүгін Федерацияның кезектен тыс конференциясында Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев мәлімдеді.

Ержан Қосмамбетовтың спорт саласында басшылық қызмет істеу тәжірибесі бар, ол қалалық федерацияны 2009-2012 жылдар аралығында басқарған болатын.