Халықаралық конькимен жүгіру одағының (ISU) ресми сайтында конькимен жүгіру және шорт-тректен 2021 жылғы Еуропа чемпионаты бұрын жоспарланғаннан бір апта кешіктірілетіні жарияланды, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

16-17 қаңтарда Херенвенде (Нидерланд) конькимен жүгіруден Еуропа чемпионаты, 22-24 қаңтарда Гданьскіде (Польша) шорт-тректен Еуропа чемпионаты өтеді. ISU Нидерландта коронавирус пандемиясына байланысты тоқтатылған жылдамдықты коньки спортынан әлем кубогының шараларын өткізуге балама ретінде хаб тұжырымдамасын ұйымдастырудың мүмкіншілігін әзірлеу және бағалау бойынша жұмыс тобын тағайындады.

Сонымен қатар, ISU Солт-Лейк-Ситиде (АҚШ) өтетін шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы 2021 жылғы әлем чемпионатын және Коллалбода (Италия) өтетін конькимен жасөспірімдер арасындағы Әлем Кубогын өтпейтінін мәлімдеді. ISU аясындағы қалған жарыстар жоспарға сәйкес өтуі керек.