Бүгін, 5 қарашада «Астана» баскетбол клубының ойыншылары ВТБ Бірыңғай лигасы аясында Таллиннің «Калевімен» кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Астана» мен «Калев» бұған дейін 16 рет кездекен «Астана» 10 матчта жеңіске жетіп, 6-нда жеңілді.

Матч Таллиндегі Saku Suurhall аренасында, Нұр-Сұлтан уақытымен 23:00-де басталады.

«Калев» - «Астана» матчының тікелей эфирін қазақстандық клуб сайтынан мына СІЛТЕМЕ арқылы тамашалауға болады. Ал QazSport телеарнасы ертең, 6 қараша, сағат 10:05-те матчты қайталайды.