«Қайрат» шабуылшысы Вагнер Лав Қазақстанның су жаңа чемпионымен еңбек келісімшартын жаңартуға асықпайды, деп хабарлайды Prosports.kz Sports.ru сайтына сілтеме жасап.

Дереккөздің хабарлауынша, бразилиялық пен оның өкілдері Вагнер Лавтың ЦСКА-мен қаңтар айында 2020/21 маусымының соңына дейін келісімшарт жасасып, кейін клуб құрылымынан лауазымды орын алуды көздейді.

«Вагнер Лав Мәскеу армияшыларымен келісімшартқа отырса - бұл ресейлік торседорлар үшін де, біздің тарап үшін де жақсы мүмкіндік. Бұл бір ертегінің бақытты соңы болар еді, бірақ біз алдын-ала ештеңе айтуға болмайды.

Мүмкін Вагнер ЦСКА-ға оралса, командаға көптен күткен чемпионатты жеңіп алуға көмектесер ме еді. Ал дәл қазір біздің ойымыз «Қайратта» болып тұр. Вагнер Қазақстан чемпионы атанғанына дән риза», - деді Лав өкілдерінің бірі.