Римнің «Лациосына» Италия біріншілігінен шығарылу қаупі төніп тұр, деп хабарлайды Prosports.kz La Gazzetta dello Sport-қа сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауынша, римдіктер коронавирус пандемиясына байланысты енгізілген медициналық хаттаманы бұзды деген күдікке ілінді. «Лацио» ойыншылары Чиро Иммобиле, Лукас Лейва және Томас Стракоша топтық кезеңнің 3-турындағы «Зенитпен» кездесуге қатыспайды, өйткені олар коронавируспен ауырған болуы мүмкін. Сонымен бірге олар А сериясының «Ториномен» соңғы матчына қатысты (4:3).

Қазіргі уақытта Италия прокуратурасы тергеу жүргізіп жатыр. Жақын арада құқық қорғау органдары «Лацио» ойыншыларын коронавирусқа тексеруден өткізу туралы мәліметтер алады.