Алматыда бокстан Қазақстан чемпионатына байланысты кезектен тыс конференция өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz Olympic.kz cайтына сілтеме жасап.

Ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының өтетін уақыттары белгілі болды. Биылғы ел чемпионаты 23-29 қараша күндері Шымкентте өтеді деп жоспарланған. Аталған маңызды доданың ұйымдастырылу жұмысы туралы Алматы бокс федерациясында кезектен тыс конференция барысында айтылмақ. Кезектен тыс конференцияға Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышевтің қатысуымен өтеді. Айта кетерлігі, ерлер мен әйелдер арасындағы дода биыл тұңғыш рет бірге ұйымдастырылып отыр.