Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик ол үшін 2020 маусымы аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«COVID-19 маусымы аяқталды», - деп жазды теннисші өзінің Instagram парағында.

2020 жылғы маусымда Александр Бублик 29 кездесу өткізіп, оның 14-інде жеңіске жетіп, 15-інде жеңіліске ұшырады.

Биыл ақпан айында Бублик ATP рейтингіндегі мансабындағы ең жоғарғы деңгейге жетіп, 47-орынға көтерілді. 23 жастағы теннисші маусымды әлемдік рейтинг кестесінде 49-шы орында аяқтады.

Александр Бублик өзінің ең үлкен жетістігіне 2020 жылғы маусымда жартылай финалға шыққан Марсельдегі турнирде қол жеткізді. Сондай ақ, Гамбург турнирінің ширек финалына дейін жетті.