19 жасар FCSB(бұрынғы «Стяуа» Бухарест) жастар командасының қақпашысы Михай Удря ерекше гол соқты.

Румынияның 3-лигасындағы «Волунтари» командасына қарсы матчта Удря өз айып алаңынан қарсылас қақпасына доп дарытты. Соққы 80 метр қашықтықтан бағытталды.