Канадалық қорғаушы Диллон Хетерингтон «Барыс» хоккей клубымен келісімшартқа қол қойды, деп жазады Prosports.kz.

Елордалық клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, ойыншымен келісімшарт 1 маусымға, 2021 жылдың 30 сәуіріне дейін жасалды.

25 жастағы шабуылшы АХЛ-де 313 ойынға қатысып, 89 (13+76) ұпай жинаған. Сонымен қатар, «Даллас» сапында НХЛ-де 11 матчқа қатысқан.

Диллон Хетерингтон (Dillon Heatherington)

Алаңдағы орны: қорғаушыТуған күні мен жері: 9 мамыр 1995 ж., Калгари, КанадаАлғашқы командасы: «Калгари Бронкс»Бойы мен салмағы: 193 см, 98 келі.