Футзалдан Қазақстан чемпионатының кезекті ойын күні алматылық «Қайрат» пен «Атырау» матчымен ашылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 3:3 есебімен аяқталды. Бірінші таймда қарсыластар бір голмен алмасса, ойынның екінші жартысында командалар бір-бірінің қақпасына екі доптан соқты.

«Атырау» 6 матчта 16 ұпай жинап, турнир кестесіндегі көшбасшылығын сақтап қалды. «Қайраттың» еншісінде бес ойыннан кейін 10 ұпай бар. Қайраттықтар ел чемпионатында 3-орында келеді.