Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) биыл жекпе-жек өткізбейді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«ұрметті жанкүйерлер! Біздің команда демалысқа кетті. Биылға жекпе-жек болмайды деген хабар алдық. Бұйыртса келер жылдың басында жұдырықтасамыз! Жеңісті күндерде жүздесейік», - деп жазды боксшы Инстаграм-парақшасында.

Еске салайық, Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін 9 қазанда Лас-Вегаста аргентиналық Гонсало Кориаға (16-4, 6 КО) қарсы өткізген болатын. Қазақстандық боксшы екінші раундта нокаутпен жеңіп, орта салмақта WBO рейтингінде үшінші орынға көтерілген болатын.

Фото instagram.com/janibek_qazaqstyle