Boxingnews24.com порталының репортері Кеннет Фридман мексикалық Хайме Мунгия қазақстандық Қанат Исламмен жұдырықтасуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Golden Boy Мунгияның әлем чемпионы титулы үшін жұдырықтасуға дайын екенін шешуге мәжбүр. Мунгияда WBC чемпионы Джермал Чарломен жекпе-жекке шығу мүмкіндігі жоғары. Бірақ Деметриус Андраде WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын босатуы мүмкін, содан кейін Мунгия бос белбеу үшін Лиам Уильямспен немесе Қанат Исламмен жекпе-жекке мүмкіндік алады», - деп жазады Фридман.

Мунгия бұған дейін қазақстандық Геннадий Головкинмен жұдырықтасуға да дайын екенін хабарлаған еді.