Жартылай орта салмақта WBO чемпионы Теренс Кроуфорд (36-0, 27 КО) өз нұсқасы бойынша жыл нокаутына үміткерлерді айтты.

Кроуфорд мексикалық Лео Санта Крусті жеңген Джервонта Дэвис пен беларусьтік Иван Баранчикті жеңген Хосе Сепеданың нокауттарын айтты.

«Жыл нокауты ма? Білмеймін, Танк (Джервонта Дэвис) пен Сепеда - екеуі де мықты», - деп жазды Кроуфорд Твиттер-парақшасында.