Украина президенті Владимир Зеленский боксшы Александр Усикті ұлыбританиялық Дерек Чисораны жеңуімен құттықтады.

«Александр, бұл керемет жеңіс болды! Украина мақтан тұтады», - деп жазды Зеленский Твиттер желісіндегі парақшасында.

Украиналық боксшы қарсыласын 12 раунд қорытындысы бойынша төрешілер шешімімен жеңген болатын.

Енді Александр Усик ауыр салмақта IBF, WBA, WBO және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Энтони Джошуамен жұдырықтасады.