1 қарашада MTK Golden Contract турнирі аясында Дарын Имаханов пен Мирас Ертанов арасында жартылай финалдық кездесу өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

69 келіге дейінгі салмақтағы жекпе-жек 8 раундқа есептелген. Бұл кездесуде WBС Asia youth белбеуі сарапқа салынды.

Нәтижесінде бұл жекпе-жекте Ертанов техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Айта кетейік, MTK Golden Contract турнирінің жеңімпазы ақшалай сыйлықтан бөлек, MTK Global компаниясымен келісімшартқа отырады.