«Барселона» клубы ойыншылармен жалақыны төмендету туралы келісе алмаса, банкроттыққа ұшырауы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Sport.es-тің таратқан ақпаратқа сүйенсек, «Блауграна» ойыншылардың жалақысынан 190 миллион еуро үнемдеуі керек.

«Барса» алдағы бейсенбіге дейін жалақы қорын 30% төмендету туралы келісімге келеді деп күтіліп отыр.

Сондай-ақ Хосеп Бартомеудің каталониялық клуб президенттігінен кеткеннен кейін келіссөздердің сәтті аяқталу мүмкіндігі жоғарылағаны хабарланды.