Мадридтік «Реалдың» капитаны Серхио Рамос Испания чемпионатындағы ойындар саны бойынша тарихи рекорд жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бүгінгі Уэскамен болған кездесу (4: 1) 34 жастағы футболшы үшін 500-матч саналады.

Қорғаушы осы межені бағындырған тарихтағы оныншы ойыншы атанып отыр.

Рамос «Севилья» сапында 39, «Реал» құрамында 461 матч өткізген. Ол баррлық матчта 74 гол соғып, 31 нәтижелі пас берген.