ПСЖ клубы мен Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе Forbes-тің 21 жасқа дейінгі ең қымбат футболшылар рейтингінде көш бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

21 жастағы форвардтың трансферлік құны Transfermarkt, CIES және аяқталған трансферлік деректерді ескере отырып, 183,3 миллион еуроға бағаланды.

Екінші орын «Атлетико» шабуылшысы Жоау Феликске (104 млн. Евро) бұйырды, одан кейін немістің «Челси» командасының жартылай қорғаушысы Кай Хавертц (98 млн).

Үздік ондыққа Альфонсо Дэвис (Бавария, Канада; 88,3 млн. еуро), Маттиас де Лигт (Ювентус, Нидерланд; 86,8 млн. еуро), Джадон Санчо (Боруссия, Дортмунд, Англия; 86,8 миллион еуро), Эрлинг Холланд (Боруссия Дортмунд, Норвегия; 68,3 миллион еуро), Ашраф Хакими (Интер, Марокко; 66,3 миллион еуро), Виктор Осимхен (Наполи, Нигерия; 63 миллион еуро) және Ферран Торрес (Манчестер Сити, Испания; 57,7 млн. еуро).