«Астананың» бас директоры Михаил Гурман алматылық «Қайратпен» ойында жеңіліске ұшырағанына қарамастан, өз клубы ойыншыларының әрекеттеріне қанағаттанды, оның ойынша, нәтижеге төрешілер қателігі әсер еткен, деп хабарлайды Prosports.kz «Астана» клубының қызметіне сілтеме жасап.

- Қос команда да чемпионаттың көшбасшыларына лайықты ойын өрнегін көрсетті. Әдеттегідей, мұндай матчтарда бәрін бір гол мен ұсақ-түйек эпизодтар шешеді. Өкінішке орай, Игорь Чесноков ойын нәтижесіне әсер еткен бірнеше айқын қателіктер жіберді. Бірақ таблодағы есептерге қарамастан, мені «Астананың» ойыны қуантты, команда ойын дағдарысынан шығатыны анық. Бұл бізге үміт сыйлайды және бас бапкер таңдауда қателеспегенімізді дәлелдейді.

- Төрешілердің жұмысы матч тағдырын шешті деп есептейсіз бе?

- Тең нәтижеге ғана емесе, жеңісті жұлып алатын мүмкіндіктер болды! Соған қарамастан, мен нәтижеге әсер еткен кем дегенде екі эпизодты атай аламын. 31-минутта Евгений Постников қарсы алаңнын ортасында тәртіп бұзылды. Сол шабуылда алматылықтар гол соқты. Екінші таймда, айып алаңының жанында Барсегянға қарсы тәртіп бұзған кезде, ысқырық тағы да үнсіз қалды.