Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов Франция президенті Эммануэль Макронды қатаң сынға алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол өзінің Instagram парақшасында саясаткерді Мұхаммед пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) карикатуралары елде жарияланып, көрсетілуі керек деп айтқанын сынаған жазба жариялады.

Саясаткер мұндай мәлімдемені Францияда оқушыларға аталған карикатура туралы айтқан мектеп мұғалімінің өлімінен кейін жасады.

«Жаратушымыз сөз бостандығы ұранымен бір жарым миллиардтан астам мұсылманның сенімін аяққа таптаған мақұлықтың және оның барлық ізбасарының бет-әлпетін бұзсын. Алла тағала оларды осы өмірде де, арғы өмірде де масқара етсін. Алла әділ.

Біз мұсылмандар пайғамбарымыз Мұхаммедті (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) аналарымыздан, әкелерімізден, балаларымыздан, әйелдерімізден және жүрегімізге жақын барлық адамдардан да артық жақсы көреміз. Маған сеніңіздер, бұл арандатуы үшін оларға азап дайын тұр, құдайдан қорқатында ғана жеңіске жетеді», - деп жазды Нурмагомедов.

Фото: Instagram.com/Khabib_Nurmagomedov/