Волейболдан ерлер мен әйелдер командалары арасында Қазақстан Республикасының кубогы аяқталды.

Әйелдер арасындағы бәсеке Тараз қаласында өтті. Бір аптаға созылған тартысты додаға барлығы сегіз команда қатысты. Нәтижесінде, өскемендік "Алтай" Қазақстан кубогының иегері атанды.

Талдықорғандық "Жетісу" екінші орыннан көрінсе, оңтүстік астаналық "Алматы" волейбол командасы үшінші орынға жайғасты. Ал ерлер арасындағы ел үздіктері Өскемен қаласында анықталды.

Сегіз команда ішінде "Атырау" волейбол командасы көшг бастады. Көкшетаулық "Ұшқын-Көкшетау" екінші орынға жайғасса, өскемендік "Алтай" үздік үштікті қорытындылады.