Нұрсұлтандық «Барыс» ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясында «Сочи» командасынан жеңіліс тапты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Швециялық Мальте Стремвалль екінші кезеңнің 27-секундында есеп ашса, одан кейін Даниил Мироманов дубль жасады.

Еске сала кетелік, «Барыс» 30 қазан күні өз айдынында қытайлық «Куньлунь Ред Стар» командасын қабылдайды.«Сочи» ХК (Сочи, Ресей) — «Барыс» (Нұр-Сұлтан, Қазақстан) - 3:0 (0:0, 2:0, 1:0)Шайба соққандар:1:0 — 20:27 Стремвалль (Погоришный, Точицкий). Тең жағдайда2:0 — 38:46 Мироманов (Руденков, Рубцов). Тең жағдайда3:0 — 58:42 Мироманов (Шмелев). Тең жағдайдаҚақпашылар: Третьяк — Ортио