Қазақстандық теннисші Александр Бублик Нұр-Сұлтандағы ATP турнирінің бірінші айналымында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық 25 жастағы америкалық Маккензи МакДональдтан жеңіліп қалды. Есеп - 6:3, 6:2.

Бір сағат 12 минутқа созылған матчта Бублик сегіз қосарланған қателік жіберіп, 48 ұпай жинады.

Еске сала кетейік, Қазақстан астанасындағы турнир 25 қазан мен 1 қараша аралығында өтеді.

Фото: Турнирдің баспасөз қызметі