Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов мансабын аяқтаған соң алғашқы сұқбатын берді. «Дэйна Уайт менің жұдырықтасқанымды, табыс әкелгенімді қалайды. Бірақ мен соңғы шешімімді қабылдады. Қазір мансабымды аяқтауға дәл уақыт деп санаймын. Нағыз бабына шыққан уақытында спортшылардың көбі мансабын аяқтамайды. Спорттың бұл түрінде үздік атану үшін жеткілікті жұмыс істедім. Бүгін мені салмақ дәрежесінен тәуелсіз рейтингіде бірінші орынға қойды. Енді демалып, ойымды жинақтайтын уақыт келді», - деді Хабиб Нурмагомедов «Спорт-Экспресс» басылымына берген сұқбатында.