27 қазанда волейболдан әйелдер арасындағы Қазақстан кубогының ширек финалы аясында «Алтай» – «Тараз» матчы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл ойында «Алтай» 3:0 (25:4, 25:11, 25:9) есебімен жеңіске жетіп, жартылай финалға жолдама алды.

Осылайша, ел кубогының жартылай финалына шыққан командалар толық анықталды. Бұған дейін «Алматы», «Қуаныш» және «Жетісу» жартылай финалға шыққан болатын.