Қазақстан Чемпионатының 15 тур ойынында «Астана» «Оқжетпесті» 5:1 есебімен жеңді.

Елордалық команданың жартылай қорғаушысы Марин Томасов үш голға айналған шабуылға қатысты, соның арқасында ол клуб тарихындағы ең нәтижелі ойыншылар тізімінде Патрик Твумасиді айналып өте алды.

Енді Томасовтың есебінде 51 гол және 47 нәтижеліпас. Хорват бұл көрсеткішке қол жеткізу үшін «Астана» сапында барлық турнирлерде 122 ойын өткізді.

Дмитрий Шомко да қазіргі тізімдегі тиімді ойыншылардың бестігіне енді.Ең нәтижелі ТОП-5 футболшы:

1. Марин Томасов 51 + 472. Патрик Твумаси 69 +273. Фокси Кетевоама 34 + 514. Танат Нөсербаев 54 + 255. Дмитрий Шомко 12 + 47