Қазақстандық дуэт Александр Недовесов пен Андрей Голубев ATP 250 Astana Open турнирінің 1/8 финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жерлестеріміздің қарсыластары австралиялықтар Люк Савилл мен Макс Пурселл болды - 4:6, 4:6.

Бір сағат 9 минутқа созылған матчта Недовесов пен Голубев бірде-бір брейк-пойнт жасай алмады. Бір мәрте эйс жасап, төрт рет қайталама қателік жіберді.