27 қазанда волейболдан әйелдер арасындағы Қазақстан кубогының ширек финалы аясында «Қарағанды» - «Алматы» матчы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл ойында «Алматы» 3:2 (25:17 18:25 25:16 17:25 15:11) есебімен жеңіске жетіп, жартылай финалға жолдама алды.

Айта кетейік, 27 қазанда ел кубогының 1/4 финалы аясында тағы екі матч өтеді:

16:00. «Ертіс-Қазхром» (Павлодар) - «Жетісу» (Алматы облысы)18:30. «Алтай» (Өскемен) - «Тараз»