«Атырау» футзал клубы алты ойыншымен келісімшартқа қол қойды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы атыраулық клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Барлық ойыншымен келісімшарт 2021 жылдың сәуіріне дейін жасалды.Олар: бразилиялық шабуылшы Эрик Данило, Нұрсұлтан Мәдиев, Жандос Нұрғали, Нұрсұлтан Олжағалиев, Еркебұлан Бейбітұлы, Ерасыл Шарапиденов.