Ақтөбе және Нұр-Сұлтан қалаларында баскетболдан Қазақстан чемпионаты бастауын алды.

Алғашқы турда ел чемпионы «Астана» «Каспийден» айласын оңай асырса, «Ақтөбе» – «Атырау Барыстары» матчында жеңімпаз тек қосымша уақытта анықталды. 4 ұпайға көп салған алаң қожайындары біріншілікті жеңіспен бастады.