Халықаралық ММА федерациясы (IMMAF) UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жеткен Шавкат Рахмоновты құттықтады.

24 қараша күні Абу-Дабиде өткен кеште Шавкат Рахмонов тәжірибелі бразилиялық спортшы Алекс Оливейраны бірінші раундта жеңді.

«Бұрынғы WMMAA әлем чемпионы және Азия чемпионы Шавкат Рахмоновты UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетуімен құттықтаймыз! Қазақстандық UFC 254 турнирінде Алекс Оливейраны алғашқы раундта қылқындыру әдісімен ұтты», – делінген ұйымның құттықтау хатында.