Волейболдан әйелдер командалары арасында Қазақстан кубогының жартылай финалистері анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Қазақстан волейбол федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді. Қазақстан кубогының жартылай финалдық кезеңінде "Қуаныш" пен "Алтай-2", "Қарағанды" мен "Алматы", " Ертіс" пен "Жетісу", сонымен қатар, "Алтай" мен "Тараз" командалары кездеседі. Аталған ойындар қазанның 28-і күніне жоспарланған.

Айта кетейік, волейболдан әйелдер командалары арасындағы Қазақстан кубогы "Тараз-Арена" спорт кешенінде өтіп жатыр. Ел үздігі финалдық кезеңде, атап айтқанда, 31 қазан күні анықталады.