«Қайрат» Қазақстан чемпионатының 15-турында «Тобылды» 4:0 есебімен жеңіп, чемпиондыққа жақындай түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алматылықтар матчтың бірінші таймында-ақ үш гол соғып, мәселені шешіп қойған. Екінші таймда Вагнер Лав көзге түсіп, қостанайлықтарды жерге қаратты.

Қазақстан чемпионаты. 15-тур.

«Тобыл» «Қайрат» - 0:4 (0:3)

Гол соққандар: Айымбетов 8, Сүйімбаев 28, Косович 44, Вагнер Лав 67

Соғылмаған пенальти: Вагнер Лав 77

26 қазан. Талғар. ҚФФ Ұлттық құрамалар базасы. Көрерменсіз.